Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын берді

25.12.2025 16:43 Арман Ермеков Арман Ермеков
Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын берді
0
396
Фото: ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын берді, деп хабарлайды Politico.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесу барысында тарихи маңызы бар шешімді жария етті. Президент аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына еліміздің ең жоғары — «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.

«Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал. 

Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек. 

Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады. 

Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс. 

Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды», — деді Тоқаев.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий