Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады

21.06.2026 12:48 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады
216
Фото: Ақорда
Президент Еуропалық Одақ басшыларымен келіссөз өткізеді

22-23 маусым күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақорданың мәліметінше, сапар барысында Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер өткізеді.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайту перспективаларына ерекше назар аудармақ.

Сондай-ақ сапар бағдарламасына Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу енгізілген.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев ірі еуропалық компаниялардың басшылары қатысатын «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Ресми сапар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Войдите, чтобы оставить комментарий