Назым Қызайбай Әлем кубогында алтын алды
1280
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Қытайда топ жарды
Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйань қаласында өткен World Boxing ұйымының Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Politico.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Италия өкілі Сирин Шаарабимен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер шешімімен Назым 4:1 есебімен басым түсіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Осылайша, Қызайбай халықаралық додадағы кезекті алтын жүлдесін қоржынына салды. Ал италиялық боксшы Сирин Шаараби күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Қазақстан тарихындағы ең табысты әйел боксшылардың бірі. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионаттарында жеңіске жетіп, үш мәрте әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар, ол халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап келеді.
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...
19.09.2026
12:21
«Шектен шықты»: Алматы тұрғыны танымал актердің...
19.09.2026
11:17
Талдықорғанда жастар жаппай төбелесті: Полиция ...