Тоқаев христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады

Тоқаев христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады
20.04.2025 09:13
0
41
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Құрметті отандастар!

Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор.

Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады.

Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін.

Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін!

Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий