Тоқаев Мәскеу патриархы Кириллді қабылдады

 Тоқаев Мәскеу патриархы Кириллді қабылдады
17.09.2025 10:51
0
158
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесу өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астанада «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық сессиясына қатысты.

Осы ауқымды жиынға қатысу үшін елордаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді Президент жеке қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев патриархтың съезге қатысуы форумның табысты өтуі үшін маңызды екенін атап өтіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктес әрі одақтас елдер екенін жеткізді.

Патриарх Кирилл өз кезегінде қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, Орыс православие шіркеуінің негізгі миссиясы халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту екенін айтты. Ол екі мемлекеттің арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстары берік екенін тілге тиек етті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий