Тоқаев Нью-Йорк қаласына барады

 Тоқаев Нью-Йорк қаласына барады
19.09.2025 10:02
0
94
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

21-23 қыркүйек күндері президент ол жақта БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, бірқатар мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөз жүргізеді. 

Президент 8 қыркүйек күні БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейтінін айтқан елі. 

«Мен жақында Нью-Иорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлеймін. Басқосуда халықаралық ахуалға, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауға қатысты Қазақстанның көзқарасын білдірмекпін», - деді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар, сапар аясында АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың басшыларымен кездесу жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий