Путин Тоқаевқа қоңырау шалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әңгіменің басты арқауы Украина дағдарысын реттеу жолдары мен Мәскеудің Вашингтонмен арадағы диалогы болды.
Сөйлесу барысында Владимир Путин Украина мәселесі бойынша АҚШ-пен жүріп жатқан диалогтың барысы, оның ішінде Уиткоффпен өткен кездесудің нәтижелері туралы Қазақстан басшысын хабардар етті.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған ақпарат үшін алғысын айта отырып, Қазақстанның ұстанымын нақтылады. Президент қақтығысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған кез келген қадамды құптайтынын атап өтті.
Ресми ақпаратқа сәйкес, әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Алдағы жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесі қарастырылды.
Соңғы жаңалықтар





