Тоқаев сынынан кейін Көшербаев пен Мырзабосынов Алакөлге жіберілді

Тоқаев сынынан кейін Көшербаев пен Мырзабосынов Алакөлге жіберілді
10.07.2025 18:52
0
125
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туристік саладағы тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Онда Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Алакөл көлінің жағалауындағы ахуал туралы, сондай-ақ туристік инфрақұрылым, сервис және қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, еліміздің туристік аймақтарында жазғы демалыс пен қолайлы жағдайларды ұйымдастыру жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

Премьер-министр өңір әкімдері мен министрлерге бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Бірқатар тапсырма берілді. 

Мемлекет басшысы берген ескертулерді жедел жою үшін жергілікті жерлерде жұмыстарды үйлестіру мақсатында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірлерге жіберіледі. Оның қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс берілмек.

Сонымен қатар жиын барысында Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды. Бұл жоба аса маңызды инвестициялық бастамалар тізіміне кіреді. Бастапқы кезеңде инфрақұрылымдық жұмыстар жоспарланған, олардың ішінде электрмен, газбен жабдықтау, кәріз желілері мен автожолдар салу, сондай-ақ іргелес аумақтарды абаттандыру және одан әрі жалпы әлемдік деңгейдегі курортты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау. 

Жоба сонымен қатар жазғы инфрақұрылымды дамытуды, орнықты даму қағидаттарын енгізуді, қоршаған ортаның цифрлық мониторингін және нысандардың инклюзивтілігін қамтамасыз етуді көздейді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий