Тоқаев Трампқа құттықтау жолдады
881
Қазақстан Президенті АҚШ халқына бейбіт өмір мен өркендеу тіледі
Тоқаев Дональд Трампты АҚШ Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай АҚШ Президенті Дональд Трамптың атына құттықтау жеделхатын жолдады. Тоқаев бұл күнді АҚШ халқының ерік-жігері мен өршіл рухының, сондай-ақ бостандық пен демократия құндылықтарына адалдығының жарқын белгісі ретінде атап өтті.
– Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Дональд Трампқа жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, АҚШ халқына бейбіт өмір мен гүлдену тіледі.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...