Тоқаев Трамптың салығына қатысты жауап берді

Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап берді
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың президенті Дональд Трамптан келген, Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын енгізу туралы хатқа ресми жауап жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы бұрыннан қалыптасқан сенімді сауда және инвестициялық әріптестікке тоқталып, екі ел арасындағы сауда байланыстары әділ, ашық әрі өзара тиімді болуы керек екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапы сауда мәселелерін шешу жолында конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл бағытта рационалды, екіжақты тиімді шешімдер қабылданатынына сенім білдіріп, сауда саласындағы түйткілдерді ортақ мәміле арқылы реттеуге болатынын жеткізді.
Президенттің бұл мәлімдемесі Қазақстанның халықаралық серіктестіктегі ашықтығы мен бейбіт келіссөзге бейілділігін тағы бір мәрте айқындады.
Соңғы жаңалықтар





