Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Облыс әкімінің баяндамасынан:
➤ Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған;
➤ Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр;
➤ мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады;
➤ жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған;
➤ Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған;
➤ биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі;
➤ медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі;
➤ 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.
Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.
Соңғы жаңалықтар





