Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
880
Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.
Мемлекет қауіпсіздігі
- 43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталған және 34 азамат тергеліп жатыр,
- терроризм мен экстремизмге қатысы бар 212 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол берілмеді,
- радикалды ұйымдарға мүше 1498 шетелдік адамның елімізге келуіне шектеу қойылды.
- террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген 12 шетелдік азамат ұсталды.
Қылмысқа қарсы күрес
- 13 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылып, олардың 142 мүшесі ұсталған және 40 азамат тұтқындалған,
- заңсыз айналымда жүрген 282 атыс қаруы, 48 граната мен 4586 оқ-дәрі тәркіленген.
- есірткі өндіретін 12 зертхана, сондай-ақ 13 халықаралық және 12 өңірлік тасымал арнасы жойылған.
- заңсыз айналымнан 3,2 тонна есірткі мен психотропты заттар, 7,5 тонна прекурсорлар алынды.
Сыбайлас жемқорлық
- жемқорлық пен құқыққа қайшы басқа да әрекет жасаған мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін 15 лауазымды тұлға құрықталды,
- 1,6 триллионнан аса теңге көлемінде мемлекетке келтірілетін залалға тосқауыл қойылып, оның 220 миллиард теңгесі қазынаға қайтарылды.
Шекара және киберқауіпсіздік
- шекараны бұзған 16 мыңнан астам адам ұсталып, 3025 тұлға елден шығарылды,
- қару-жарақ пен оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болған 600-ден аса факті әшкереленді,
- шекара арқылы 11 миллиард теңге мен құны 16,6 миллиард теңге болатын тауарларды заңсыз алып өтуге жол берілмеді,
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жасалған 796 миллион кибершабуыл әшкереленген.
Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
11:35
Қазақ әндерін балағаттаған көкшетаулық әйел қам...
10.07.2026
11:26
«Жәбірленуші сөйлегенде мәз болды»: судья Сәрсе...
10.07.2026
11:10
Антальяда көз жұмған қазақстандықтың ісіне қаты...
10.07.2026
10:56
Қазақ әдебиеті қара жамылды
10.07.2026
10:38
Сарапшы: Парламент — жұлдыздар шеруін өткізетін...
10.07.2026
10:34
Меруерт Түсіпбаева бір ажалдан қалай аман қалға...