Тоқаев Юрий Аравиннің отбасына көңіл айтты

Тоқаев Юрий Аравиннің отбасына көңіл айтты
21.10.2025 08:36
0
145
фото: ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет қайраткері Юрий Аравиннің қазасына көңіл айтты, деп жазады POLITICO.KZ.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мәдениет қайраткері, "Отан" орденінің иегері Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент өнертанушының қазақ фольклорлық және классикалық музыкасын дәріптеуге қосқан ерекше үлесін жоғары бағалады. Юрий Петрович Аравин - музыкатанушы, музыкалық педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол қазақтың халық музыкасын сақтауға және насихаттауға өлшеусіз зор үлес қосқан тұлға ретінде тарихта қалды.

Айта кетейік, Юрий Аравин 20 қазан күні 84 жасында көз жұмды. 2021 жылдың наурыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев қайраткерді еліміздің ең жоғары марапаттарының бірі - "Отан" орденімен марапаттаған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий