Тоқаев: «Жасыл» энергетиканы француз компанияларымен белсенді түрде дамытып жатырмыз
1214
Францияның Le Figaro газетінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы шықты.
Ұлттық жоспарда біз ішкі саясатта берік демократиялық басқару жүйесін құрдық және «жасыл» энергетика, цифрлық технологиялар және логистика сияқты болашақ салаларды, соның ішінде француз компанияларымен тығыз қарым-қатынаста белсенді түрде дамытып жатырмыз.
Қоршаған ортаны қорғау саласында біз жаһандық климаттық күн тәртібін берік ұстанамыз және планета мен болашақ ұрпақ алдындағы міндеттемелерімізді растай отырып, Париж климаттық келісімін жан-жақты қолдаймыз. 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізудің біз мәлімдеген мақсаты - Қазақстанның орнықты даму мақсаттарын дәйекті іске асыруының тағы бір дәлелі.
Біз президент Эмманюэль Макронмен бірлесіп, осы жылдың желтоқсан айында су ресурстарына қатысты барлық сын-қатерлер бойынша ынтымақтастықты күшейту мақсатында және БҰҰ-ның орнықты дамуының ең маңызды мақсатына: «барлығына таза су және санитарияға» қол жеткізу жолында One Water Summit бастамасын өткізуге қуаныштымыз.
Қазақстанның тату көршілік қағидатына берік міндеттемесі «Орта дәліз» – Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын стратегиялық бағыт сынды жобалар арқылы өңіраралық интеграцияны белсенді дамытуға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...