Тоқаевты әлем мойындаған саяси тұлға деп атады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев — дүниежүзі мойындаған саяси салмақты тұлға. Бұл туралы саясаттану ғылымдарының кандидаты Виталий Млечин мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Млечиннің пікірінше, Тоқаев — реалист, әрі оның сөзі пафостан ада. Сондай-ақ ол Тоқаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ұмтылатынын атап өтті.
Сарапшы Берлинде Тоқаевтың Германия канцлері Олаф Шольцке айтқан сөзін еске салды:
«Қазақстан — “антиРесей” емес. Біз Ресеймен жан-жақты ынтымақтастыққа бағытталған саясатты берік ұстанамыз. Бізді әлемдегі ең ұзын шекара байланыстырады», — деген болатын Тоқаев.
Выползов өз колонкасында Ресей Президенті Владимир Путиннің Астанадағы бір кездесуде айтқан сөзін де келтіреді:
«Біз одақтас, стратегиялық әріптеспіз. Ынтымақтастығымызда, қарым-қатынасымызда ешқандай түбегейлі қайшылық немесе мәселе жоқ», — деген Путин.
Сондай-ақ Выползов Тоқаевтың Қазақстандағы орыс тіліне қатысты нақты ұстанымы бар екенін атап өтті.
«Қай тілде ыңғайлы болса, сол тілде сөйлеу керек. Қазір жастар мемлекеттік тілді де, орыс тілін де, ағылшын тілін де және басқа да тілдерді меңгеріп жатыр. Бұл — жақсы құбылыс», — деген болатын былтыр Тоқаев.
Сонымен қатар ол Тоқаевтың мынадай сөзін де еске салды:
«Қазақстанда адамдарға қандай тілде жеке қарым-қатынас жасау керектігін ешкім таңуға құқылы емес».
«Саяси сарапшылар тобы» ұйымының басшысы Константин Калачев та Қазақстан кез келген егеменді ел секілді ұлттық мүддеге сүйеніп, сыртқы саясат жүргізіп отырғанын айтты.
«Көпвекторлы саясат — одақтастықтан бас тарту емес. Қараңғы бөлмеде жоқ мысықты іздеудің қажеті жоқ. Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынас — тең құқылы әрі нақты бірлескен жобалармен бекемделген. Өйткені Тоқаев — сенімді одақтас және әріптес», — деді Калачев.
Ал Андрей Выползов интернет кеңістігінде Астананы «одақтастық саясатты ұстанбай отыр» деп айыптап, Тоқаевты Батысқа жақындады деп көрсетуге тырысатын авторлардың мақалалары арагідік пайда болып тұратынын жеткізді. Алайда оның айтуынша, мұндай айыптаулар шындыққа сәйкес келмейді.
Соңғы жаңалықтар





