Тоқаевтың атынан берілген ауызашарда танымал тұлғалар бас қосты

20.03.2026 09:37 Арман Ермеков
Тоқаевтың атынан берілген ауызашарда танымал тұлғалар бас қосты
315
Фото: ҚМДБ

Қасиетті Рамазан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің барлық облыс орталықтарында бір мезетте ауызашар дастарханы жайылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алматы қаласында ұйымдастырылған рухани шараға шаһар басшысы Дархан Сатыбалды мен бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Сонымен қатар бұл жиынға мешіт жамағаты мен имамдар, түрлі еңбек ұжымдары мен қарттар үйінің тұрғындары арнайы шақырылған.

Дастархан басындағы қонақтардың қатарында Роза Рымбаева, Асылы Осман, Алтынбек Қоразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Смағұл Елубай, Нұрлан Оразалин, Болат Әбділманов, Азамат Сатыбалды сынды өнер және мәдениет қайраткерлері мен Қанат Ислам, Асу Алмабаев секілді танымал спортшылар болды.

Ауызашар барысында әкім Дархан Сатыбалды оразаның қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтудағы маңызына тоқталса, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және өзге де зиялы қауым өкілдері ел тұтастығы жайында тағылымды ойларымен бөлісті. Өз кезегінде бас мүфти жамағатты қайырымдылыққа үндеді.

Рухани кеште дәстүрлі әндер шырқалып, күй тартылды және ата-бабалар рухына Құран бағышталып, елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтаған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий