Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

20.03.2026 08:08 Әсел Мұрат
Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
119
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі. Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Ата дәстүріміз бен асыл дініміз елдің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдар жасауға үндейді», - делінген Тоқаевтың құттықтауында.

Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. 

«Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты.  Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!Ораза айт қабыл болсын!», - деді президент. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий