Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары Қазақстанға 5,2 миллиард доллар әкелді

Қазақстан мен АҚШ компаниялары 5,2 миллиард долларға келісім жасасты, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары барысында қазақстандық және америкалық компаниялар арасында 11 маңызды құжатқа қол қойылды. Бұл туралы президенттің көмекшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Жасалған келісімдердің жалпы сомасы 5,2 миллиард долларды құрайды. Бұл ақша Қазақстанға инвестиция ретінде келеді.
Келісім бойынша бұл ақша негізінен төрт маңызды салаға бағытталады. Олар: көлік және логистика, энергетика, сондай-ақ IT.
Бұл құжаттарға біздің елден «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі ұлттық компаниялар қол қойды. Ал Америка тарапынан келісімге Amazon Kuiper, ExxonMobil, Chevron, Wabtec сияқты әлемге танымал ірі компаниялар қатысты.
Соңғы жаңалықтар





