Тоқаевтың Ресейге сапарының жоспары белгілі болды

10.11.2025 14:38 Арман Ермеков
Тоқаевтың Ресейге сапарының жоспары белгілі болды
0
568
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Владимир Путиннің шақыруымен өтетін бұл сапар барысында екі мемлекеттің басшылары келіссөздер жүргізеді. Кремльдің хабарлауынша, келіссөздерде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Ресей мен Қазақстанның стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланбақ.

Сондай-ақ, президенттер өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар бойынша да пікір алмасады.

Бұл келіссөздерден бөлек, сапардың тағы бір маңызды бөлігі бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстанның Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына қатысады. Алайда, екі президент форумның өзіне бармайды, оның жұмысына бейнебайланыс арқылы қосылады.

Сапар аясында екіжақты бірқатар маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий