Тоқаевтың жаңа жарлықтары: Елшілер тағайындалды
1092
Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар елшілер мен Агенттік төрағасының орынбасары тағайындалды
ҚР Президенті бірқатар дипломатиялық тағайындаулар жасады
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстан Республикасының дипломатиялық корпусында бірқатар тағайындаулар мен босатулар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиевке Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқару міндеті жүктелді.
- Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
- Бұған дейін Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған Барлыбай Кәрімұлы Садықов бұл лауазымнан босатылып, Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
- Ал Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар
11.06.2026
12:07
"Біздің батырымыз": Бердібек Сапарбаевтың келін...
11.06.2026
11:28
Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай...
11.06.2026
11:04
Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті күйеуі Мәск...
11.06.2026
10:26
«Құрбыларын құтқармақ болды»: БҚО-да суға кетке...
11.06.2026
10:07
«Ресейге көшіп кеткенде, Қазақстанды керек қылм...
11.06.2026
09:31
«Арқа сүйер адамым жоқ»: Мақпал Исабекова ажыра...