«Тоқалы 28-де, бір баласы бар»: Тұрсынбектің жеке өміріне қатысты жаңа дерек тарады

«Тоқалы 28-де, бір баласы бар»: Тұрсынбектің жеке өміріне қатысты жаңа дерек тарады
30.06.2025 10:04
0
494
Фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты кезекті қауесет тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Turkystan.kz порталына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары арасында тараған бейресми ақпаратқа сүйенсек, Тұрсынбектің екінші әйелі ретінде аталған келіншек 1997 жылы туған, Қызылорда облысының Бесарық ауылынан шыққан. Белгісіз дереккөзге сенсек, одан бір ұл бала дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол Астанада тұрады, оған пәтер мен көлік әперіліп, ай сайын қаржылай қолдау көрсетіліп отырады делінеді.

Сол жазбада «ресми жұбайы бұл жағдайдан хабардар болғаннан кейін, жолдасын бақылауға алып, барлық жерге бірге ертіп жүреді» деген де мәлімет келтірілген.

Айта кетейік, әзірге бұл мәселеге қатысты Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда жақында Мөлдір тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында:

«Отбасымызда болып жатқан жағдай халық арасына тарап кетті. Бұл – өмір. Қабылдадым», – деген болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий