Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиева балаларына қатысты жаңалық айтты

Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиева балаларына қатысты жаңалық айтты
22.10.2025 21:06
0
724

Әнші Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиева бала тәрбиесі туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі бала тәрбиесіне баса мән беретінін, кейде қаталдық танытатынын жасырмады.

«Балаларымның қалтасын үнемі тексеремін. Жасыратыны жоқ, өйткені қауіптенемін. Әлдебір зиянды заттың,темекінің түйіршіктері шығып қалуы да мүмкін ғой?! Бізді әке-шешеміз солай тексерді. "Бөтен кісінің қолынан ештеңе алмаңдар" деп айтып отырамын. Балаларға телефон, гаджеттерді тек демалыс күндері, санаулы уақытқа ғана береміз. Біз асық ойнап өстік. Бұлардыкі осылай болып отыр. Кейде балалық шағын ұрлап жатырмын ба деп ойлаймын, бірақ ар жағы зіл», - дейді әнші.

 Әншінің сөзін жұбайы да растады.

"Жұма күні сабақтан келе салып "айпад" деп айғайлап үйге кіреді. Басқа уақытта алдында қанша телефон, гаджет тұрса да, тиіспейді, ұстамайды. Бұл – отбасымызда қалыптасқан қағида" - дейді Бейбіт Сейдуалиева. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий