«Тоқты суырып тастаса, бітті»: «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан Әміровтің жағдайы жұртты алаңдатты

16.07.2026 • 10:18 Мөлдір ҚАЙНАР
«Тоқты суырып тастаса, бітті»: «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан Әміровтің жағдайы жұртты алаңдатты
988
Фото: әлеуметтік желі

Кезінде «Жұлдызым» әнімен қазақ эстрадасында үлкен танымалдылыққа ие болған «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі Нұрлан Әміровтің бүгінгі хәлі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

​Желіде тараған бейнежазбадан өнер иесінің арнайы медициналық аппараттың көмегімен ғана қозғалып жүргенін көруге болады. Нұрлан Әміров бұл құрылғыны үнемі денесіне таңып жүретінін, онсыз жүріп-тұруы мүмкін емес екенін жеткізді. Ол өзіне күтім жасап, қиын сәтте демеу болып жүрген жарына ерекше алғысын білдіріп, кеуде тұсындағы ауыр отадан қалған тыртықты көрсетті.

​Видео авторының «Жүрегіңізді сөмкеге салып алып жүресіз бе? Өміріңіз жеңгеміздің қолында екен ғой?» деген сөзіне әнші жағдайдың салмақтылығын айтып, әзілмен жауап қайтарған.

​"Мына жердің бәрін кесті ғой. Тоқты суырып тастаса, бітті, жарты сағатта досвидания боламын", – деді Нұрлан Әміров күліп.

​Әншінің бұл видеосы көпшілікті бейжай қалдырмады. Желі қолданушылары денсаулығы сыр берсе де, еңсесін түсірмей, өнерді тастамаған музыканттың рухына тәнті болып, оның тезірек сауығып кетуіне жарыса тілектестік білдіруде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий