«Тоқылдақтан батыр туа ма?»: Жігер Ауыпбаевтың әні шу шығарды

08.12.2025 09:12 Айсұлу Мұрат
«Тоқылдақтан батыр туа ма?»: Жігер Ауыпбаевтың әні шу шығарды
0
71
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Жігер Ауыпбаев

Өнердегі ерекше стилімен танылып жүрген әнші Жігер Ауыпбаев бұл жолы жаңа туындысымен тыңдармандар арасында қызу пікірталас туғызды. Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Жігітше жүр» атты әні көптің көңілінен бірдей шықпаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Democrat.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа әнінде орындаушы ер азаматтардың мінез-құлқы туралы ойын ашық жеткізген. Ән мәтініндегі:

«Жігітше жүр, тоқылдамай!
Тоқылдақтан туады батыр қалай?»
 деген жолдар желі қолданушыларының назарын ерекше аударды.

Кейбір тыңдармандар бұл сөздерді орынсыз деп тауып, әншіні сынға алды. Олар пікірлерінде «не болса соны өлеңге айналдырып жүр» деп наразылықтарын білдірді.

Алайда Жігер Ауыпбаев сынға бейжай қарамай, жауап қатты. Ол әннің мәнін түсінетіндер үшін жазылғанын айтып, өз позициясын ашық жеткізді.

«Бұл — не болса соны емес. Тоқылдақтарға ғана ұнамауы мүмкін. Ерекше жүретін, сөзі мен ісі бір жерден шығатын жігіттер бұл әннің мағынасын жақсы түсінеді», — деді әнші.

Сонымен қатар орындаушыны қолдағандар да аз болмады. Олар бұл әнді әзілмен қабылдап, өз ойларын былайша жеткізді:
«Тоқылдақтар тыңдамай айналып өткен шығар», «Нағыз керек өлең шықты», «Айта алмай жүрген сөзді әнмен жеткізген».

Қалай болғанда да, Жігер Ауыпбаевтың жаңа туындысы ел назарынан тыс қалмай, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Әзіл мен сын араласқан пікірлер әннің қоғамда белгілі бір әсер қалдырғанын аңғартады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий