Төреғали Төреәлі: Адастым, қателестім, кешірім сұраймын

Төреғали Төреәлі: Адастым, қателестім, кешірім сұраймын
06.07.2025 13:53
3
6315
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, деп жазады POLITICO.KZ. 

Онда қолына домбыра алып, айтқысы келгенін сонымен жеткізеді.

"Бір кездері мен де адастым. 

Қателестім.

Біреуді ренжіттім.

Біреудің үмітін ақтай алмадым.

Сол үшін шын жүректен кешірім сұраймын.

 

Бірақ жүрек әлі тірі.

Сенім әлі бар.

Мен енді бәрін қайтадан бастауға бел будым.

Өзімді – ішкі адамымды – қайта табуға тырысамын.

Отбасымның тірегі, елімнің азаматы, жастарға үлгі болғым келеді", – дейді ол.

Сөз арасында Төреғали Төреәлі Астанаға жаңа өмір бастау үшін көшіп келгенін айтып қалды.

"Астанаға көшіп келдік.

Жаңа қала. Жаңа өмір. Жаңа команда. Жаңа парақ.

Жаңа-ескі-жаңа продюсерімде қасымда.

Бәрі нөлден басталып жатқандай.

Жанымда сенетін жандар бар – солармен бірге қайтадан көтерілгім келеді.

 

Мен өнерден кеткен жоқпын.

Өнер – менің өмірім.

Бұл менің тынысым.

Мен әрдайым елімнің мәдениетіне, халқымның жүрегіне қызмет еткім келеді.

 

Кім қолдайды – рахмет.

Кім күмәнданады – түсінемін.

Бірақ мен енді бұрынғы Төреғали емеспін.

Мен – бүгінгі, шынайы, өмірге қайта оралған Төре ұлдарыңызбын!" – деді ол. 

"Рахмет сіздерге! Жазған әрбір жылы пікірлеріңізді оқып, жүрегім жылып жатыр. Демек, мен әлі де керек екенмін ғой… – деген ой жанымды жұбатады", – деп пікірін жалғады ол.

Пікірлер (3)
    Темирбек Султанов 2025-07-07 21:18
    Өнерің өрге жүзе берсін бауырым.
    Куан Жумаханов 2025-07-07 12:36
    Ең бастысы Құдайды ұмытпа,ақша мен байлық уақытша алдайды.Уақыт тәубене түсіреді
    tursunbekova_s sania1971 2025-07-07 09:51
    Төреш балам, жаңа қадамың құтты болсын, бұл өмірде бәріміз пендеміз, тек саған қарап өсіп келе жатқан ұл- қыздардың бар екенін ұмытпағайсың, мойныңда үлкен жүк бар, әрине сенеміз, жолың ашық болсын, аман бол

Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий