Төреғалидың қарындасы бірінші рет баласын көрсетті

Жазушы, блогер Фариза Төреәлі өзінің парақшасында тұңғыш қызына арнаған жүрекжарды жазбасын бөлісті, деп хабарлайд POLITICO.KZ.
Төреғали Төреәлінің қарындасы көпшілікке перзенті Дараны ерекше таныстырды.
«Қызымызға тек сөзбен емес, іспен де үлгі болуымыз керек. Бұл кітап – сенің дүниеге келгеннен кейін туған шабыттың жемісі. Туындым – анаңның жүрегінен төгілген сыр, әйелдің нәзік болмысына арналған үн, қыздарға мұра болып қалатын еңбек», – деп жазады Фариза Төреәлі.
Жазушының тілегі – әрбір нәзік жандының жүрегін жылытатын, қажет кезде дем беретін, шын болмысты еске салатын еңбек жазу. Ол еңбегінің қыздарға рухани серік, сырлас құрбы болуын қалайды.
«Тек ата-анаңмен мақтанып, саған лайықты түрде тәлім-тәрбие бере алсақ екен. Аллаһым әрбір сәби сүйгісі келіп жүрген жандарға салиқалы, дені сау, саналы ұрпақ нәсіп етсін», – дейді ол.
Соңғы жаңалықтар




