Той күні күйеу жігітті өлтірген қылмыскер сотталды

11.06.2025 13:13 Admin Admin
Той күні күйеу жігітті өлтірген қылмыскер сотталды
0
676
Фото: ашық дереккөз

Көкшетауда ер адам үйлену тойы күні күйеу жігітті өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Ол сот шешімімен 16 жылға бас бостандығынан айырылды. 

2024 жылдың қараша айында жәбірленуші С. Көкшетау қаласының ойын-сауық орындарының бірінде достарымен неке қиюды атап өтті. Мәліметтерге сәйкес, сотталған Б. достарымен бірге сол ойын-сауық орнында болған. Ауызша жанжал туындап күйеу жігітке пышақ жарақаты салынды. 

“Екі жігіт арасында ауызша жанжал туындап, арты төбелеске ұласты. Ұрыс  барысында Б. С. - ны үш рет пышақтап, бір пышақ соққысы жүрекке тиді. С. алған жарақаттарынан жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", - делінген хабарламада. 

Б-ның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, кісі өлтіру фактісі тіркелген мекеменің бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбалармен дәлелденді. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий