Той өткізгелі жүрген Сәкен Майғазиев халықтан көмек сұрады

Той өткізгелі жүрген Сәкен Майғазиев халықтан көмек сұрады
28.05.2025 12:05
0
711
ашық дереккөзден

Сәкен Майғазиевтың жақында ұлы Әділет үйленіп, той жасағалы жатқанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

"АЛЛА қаласа, біздің үйде ТОЙ болады! Біреудің қуанышына ортақ болып жүрген біз, енді өз баламыздың тойына дайындалып жатырмыз. 

Бұл — қуаныш қана емес, үлкен жауапкершілік.

Ал сіз тойды неден бастар едіңіз?", – деп жазды әнші.

Сөз соңында әнші қолданушыларынан тойды жақсы ұйымдастыратын мамандар табуға көмектесуін сұрады.

"Қаншама салтанатты кештерде, тойларда ән шырқап, қонақ болып жүрміз. Ал бұл жолы өзіміз той жасағалы жатырмыз. Ат үстінде жүрген азамат болғандықтан салт-дәстүр, жоралғыларды, тойбастар деген секілді дүниелерді біле бермейміз. Сондықтан сіздерден көмек сұраймыз, - деді ол.

Ал оқырмандар Сәкеннің бұл қуанышына шын қуанып, екі жасқа бақыт тілеп жазуда.  

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий