"Тойдағы ұятсыз ойындарға тыйым салынбақ". Депутаттар маңызды бастама көтерді

29.10.2025 14:13 Мөлдір Қайнар
2264
Alash.kz коллажы

Мәжілісте өткен отырыста Қазақстандағы той мен корпоративтерде өтетін "әдепсіз" ойындар туралы мәселе көтерілді.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде, фильмдерде, жарнамада және басқа салаларда ЛГБТ үгіт-насихатына тыйым салатын заңға өзгерістер енгізу мәселесі де талқыланды.

Отырыс барысында депутат Айна Мысырәлімова жаңа заң аясында кейбір үйлену тойларында және отбасылар балаларымен бірге қатысатын іс-шараларда әдепсіз элементтері бар ойындар мен конкурстар ұйымдастырылатынын айтты.

«Түрлі ойындар өткізіледі. Олардың ішінде сексуалды сипаттағысы да аз емес. Халқымыз балаларымен бірге тойларға барады. Заңда порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын және балаларға зиян келтіретін массмедиа, әдебиет, мәдени-көркем іс-шараларды пайдалануға тыйым салынатыны жазылған», – деді депутат.

Мәдениет вице-министрі Евгений Кочетов бұл заңдағы тұжырым барлық көрермендік іс-шараларға, соның ішінде тойларға да қатысты екенін айтты. Дегенмен, ол бұл жаңа норма екенін және оның қалай қолданылатыны мен бақылау тетіктері әзірге нақты анықталмағанын атап өтті.

Войдите, чтобы оставить комментарий