Трамп Еуроодаққа қарсы сауда соғысын бастады: 25% тариф енгізілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық Одақтан әкелінетін автомобильдер мен басқа да тауарларға 25% көлемінде тариф енгізетінін мәлімдеді.
Трамп бұл шешімді ЕО-ның АҚШ өнімдеріне енгізген шектеулеріне жауап ретінде қабылдағанын атап өтті.
"Еуроодақ АҚШ-тың өмірін қиындату үшін құрылды", – деді ол.
АҚШ билігі, әсіресе, америкалық автомобильдер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің ЕО нарығына қолжетімділігінің шектелгенін сынайды.
Трамптың бұл шешіміне жауап ретінде Еуропалық комиссия АҚШ-тың тарифтік саясатына қарсы қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.
Канада мен Мексикаға келетін болсақ, бастапқыда 4 наурыз деп белгіленген тарифтердің енгізілу күні күтпеген жерден 2 сәуірге ауыстырылды. Ақ үй бұл мерзімнің нақты жүзеге асырылуы Канада мен Мексиканың АҚШ талаптарын орындауына байланысты екенін айтты.
Канада әзірге ресми құжаттарды күтетінін мәлімдесе, Мексика АҚШ-пен сауда келіссөздерін бастауға дайын екенін хабарлады.
Соңғы жаңалықтар





