Трамп гольф-клубында өзіне арналған ескерткіш ашты

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне арнап жасалған ескерткішті Trump International Golf Club халықаралық гольф-клубында ресми түрде ашты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл ескерткішті оған америкалық кәсіпкер Энтони Константино сыйға тартқан.
Бұл туралы ақпарат кәсіпкердің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды, деп мәлімеді Oxu.Az.
"Sticker Mule компаниясының бас директоры және Нью-Йорк штатынан Конгреске үміткер болған Энтони Константино Дональд Трампқа ерекше сый жасады. Бұл ескерткіш енді Trump International халықаралық гольф-клубында тұрақты түрде орнатылады", – делінген хабарламада.
Мүсін тас тұғырда орнатылған және тұғырда сыйлық иесі Энтони Константиноның есімі қашап жазылған. Мәтінде атап өтілгендей, ескерткіштің ашылу рәсімінде Трамп көтеріңкі көңіл-күйде болып, әзілімен бөліскен.
"Тотықпайтын ерік-жігердің символы" деп аталған бұл ескерткіш гольф-клубтың көрнекі жеріне – клуб ғимараты мен 27 ұялы гольф алаңының алғашқы шұңқыры арасындағы кеңістікке орналастырылған.
Мүсін Трампты 2024 жылдың шілде айында оған жасалған қастандық кезіндегі кейіпте бейнелейді – ол оң қолын көтеріп, жұдырығын түйіп тұр.
Соңғы жаңалықтар





