Трамп TikTok-ты американдық иелеріне беру туралы бұйрыққа қол қойды
434
Трамп TikTok бойынша мәміле жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Дональд Трамп америкалық инвесторларға TikTok қосымшасын сатып алуға және оның АҚШ-тағы жұмысын бақылауға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды.
«Бұл енді толықтай америкалық кәсіпорын болады. Қытай Төрағасы Си Цзиньпинге құрметім шексіз және құжатты мақұлдағаны үшін алғыс айтамын. Себебі мәмілені дұрыс аяқтау үшін бізге Қытайдың қолдауы өте маңызды болды», – деді Трамп.
Мәміленің негізгі шарттары келісілгенімен, оған нақты кімдердің қатысатыны әзір белгісіз. Трамптың сөзінше, мұнда Oracle компаниясы мен оның тең құрылтайшысы Ларри Эллисон маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ жобаға кәсіпкер Майкл Делл мен медиамагнат Руперт Мердок та қатысады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...