Трамп заң мен тәртіпті басты идеология ретінде қарастыратынын мәлімдеді

АҚШ-та өткен Президент Дональд Трамптың инаугурациясында ол "қалаларға заң мен тәртіпті орнатып, әскерден радикалды идеологияны алып тастайтынын" мәлімдеді.
Осыған қатысты "Казахстан и все-все-все" Telegram арнасында шағын мақала жарияланды.
Бұрын бәрі еркіндікті қалады, содан кейін аман-саулықты, ал одан соң өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылды. Ал енді, заң мен тәртіп сияқты базалық құндылықсыз мұның бәрі мүмкін еместігін түсінді. Себебі заңсыздық пен хаос алдымен амандығымызды жойып, кейін өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, ал соңында еркіндікті де жоққа шығарады. Бұл – ескі шындық, бірақ оны ұмытып кете жаздадық.
Қазақстан – шағын мемлекет, бізде барлық өзгерістер тез жүреді. Сондықтан бірнеше жыл бұрын Тоқаев заң мен тәртіп – бұл негіз, мемлекеттің ең бірінші кезекте қамтамасыз етуі тиіс нәрсе деп айта бастады.
Ал АҚШ – үлкен ел, берік ел, сондықтан олар түрлі нәсілдік толқулар мен Латын Америкасынан келген заңсыз мигранттардың бүкіл елдің болашағына қауіп төндіретінін түсінуге ұзақ уақыт жұмсады. Сол себепті Трамп дәл қазір өз сөзінде америкалық қалаларға заң мен тәртіпті қайтаратынын мәлімдеуде. Бұл жақсы, себебі олар барлығына үлгі көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар




