"Туған әкем сегіз жыл бойы зорлаған": белгілі блогер тікелей эфирде құпиясын айтты

Фото: яндекс

Juzzefina лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева тікелей эфирде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол таңғы уақытта көрермендеріне әкесімен болған оқиғасын жайып салды.

«Сендер не білесіңдер, мені туған әкем сегіз жыл бойы зорлаған, арыз жазамын барлығына», – деді ол.

Бұл мәлімдемеден кейін желі қолданушылары блогерді қатаң сынға алды. Пікір білдірушілердің бір бөлігі мұндай әңгімені жариялаудың қажеті жоқ екенін айтып, түрлі пікір қалдырды.

«Қандай сұмдық», «Өз әкесінен қорлық көріп психикасы сынған ғой», «Бұған сенуге болмайтын сияқты» деген пікірлер әлеуметтік желіде жиі жазылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу