Түріктер Ерке Есмаханға ерекше тосынсый жасады
Бүгінде отбасымен Туркияда демалып жатқан Ерке Есмаханға қонақ үй қызметкерлері ерекше тосынсый жасаған. Өнер иесі мұндай сыйды мүлдем күтпегенін айтты.
Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында демалысынан түрлі фото мен видео жариялап, түркиялықтардың өзіне жасаған тосынсыйын көрсетті.
Өнер иесі жергілікті халықтың дайындап қойған мұндай сыйына қатты қуанып қалғанын жасырмады. Эстрада жұлдызы тоқтаған қонақ үйдің ұжымы теңізде кемемен жүзіп келе жатқанда оған "Erke" жазуы жазылған лазер шоуын көрсеткен.
"Тосынсыйға рақмет" , - деп алғысын білдірді Ерке Есмахан.
Айта кетейік, Ерке Есмахан бүгінде күйеуі мен қос анасымен бірге Түркияда демалып жатыр. Жұлдызды жанұяның бұл жолғы сапарына әншінің тұңғыш ұлы Муслим бармаған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.11.2026
22:33
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы журналист Вадим Боре...
16.11.2026
21:32
Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым халықар...
16.11.2026
20:17
Астанада оқушы қыз мектепке пышақ алып келіп, ө...
16.11.2026
18:55
Тоқаевқа жылыту маусымы қалыпты өтіп жатқаны ба...
16.11.2026
18:16
Кәсіпкерді кім өлтірді: полиция жаңа мәлімет жа...
16.11.2026
18:09
Алматыда өртенген ең көне спорт мектебінің орны...