Түркістан облысында 928 млн теңге жымқырды деген күдіктілер ұсталды
Түркістан облысында бюджет қаржысын жымқыру дерегі тергелуде
Түркістан облысында ветеринарлық қызметке қатысты ірі көлемдегі қаржы жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, заңбұзушылықтар «Ветеринарлық қызмет» МКК-ның қызметін тексеру барысында белгілі болған.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2022–2025 жылдар аралығында мекеменің басшылары мен жауапты қызметкерлері жалған төлем тапсырмаларын пайдалану арқылы бюджет қаражатын заңсыз аударып отырған. Құжаттарда бірдей бизнес субъектілерінің ЖСН-дары көрсетіліп, тек атаулары өзгертілген. Ал іс жүзінде тауарлар жеткізілмеген, қызметтер көрсетілмеген.
Прокуратура мәліметінше, 2026 жылғы 26 наурызда төрт лауазымды тұлға – екі бұрынғы басшы, олардың орынбасары және бас есепші күдікті деп танылып, қамауға алынған.
Қазіргі таңда өзге де тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...