Түркістан облысында ер адам өз анасын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Түркістан облысының Түлкібас ауданында 40 жастағы ер адам туған анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Отырар» телеарнасының хабарлауынша, қанды оқиға елді мекендердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 40 жастағы ер адам анасын өз үйінде пышақтап өлтірген.
Ресми емес дереккөздерде күдіктіге церебралды сал ауруы диагнозы қойылғаны айтылған. Алайда бұл мәліметке қатысты ресми органдар әзірге түсініктеме бермеген.
Ер адамның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Оқиға туралы ақпаратты Түркістан облыстық полиция департаменті растаған.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстық іс қозғап, болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
22.10.2026
18:07
Шымкентте 4,8 миллиард долларлық 22 құжатқа қол...
22.10.2026
17:41
Тоқаев Сәтқалиевпен АЭС құрылысын талқылады
22.10.2026
17:25
TikTok-та «өнер» көрсеткен ер адам 30 тәулікке ...
22.10.2026
17:18
Қазақстанда әскерге шақырудың жаңа үлгісі енгіз...
22.10.2026
16:45
Астанада жерге түскен қамырды жинап алған: комп...
22.10.2026
15:58
Санжар Боқаевты үйқамаққа жібермеді: сотта тағы...