Түркістан облысында жеңіл көлік газ құбырын үзіп жіберді, кәсіпорындар газсыз қалды
743
Түркістан облысында газ құбырына соғылған көлік апатқа себеп болды
Түркістан облысы Сарыағаш қаласында жеңіл көлік газ құбырына соғылып, ірі апатқа себеп болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
10 желтоқсан күні кешкі сағат 22:15 шамасында BMW маркалы көлік жоғары қысымды жерүсті газ құбырын зақымдады. Құбырдың екі жерден үзілуі және 40 метрлік бөлігі деформацияға ұшырауы салдарынан ауқымды газдың ағуы тіркелді.
«QazaqGaz Aimaq» компаниясының мәліметінше, апат орнына келген авариялық бригада дереу газдың ағуын тоқтатып, тиісті клапандарды жапты және мөрледі. Бұл қосымша зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Апат салдарынан газсыз қалған нысандар:
- 21 өндірістік кәсіпорын;
- 153 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын;
- 6821 жеке абонент.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, тергеу бастады. Қазіргі уақытта «QazaqGaz Aimaq» мамандары газ жеткізуді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...