Түркістан облысында жылдар бойы екі кішкентай қызды зорлап келген өгей әкесі ұсталды

20.01.2026 08:57 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Түркістан облысында жылдар бойы екі кішкентай қызды зорлап келген өгей әкесі ұсталды
0
303
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында кәмелетке толмаған екі қызға ұзақ жылдар бойы жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қоғамды дүр сілкіндірген жан түршігерлік іс қозғалып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Ер адам өгей қыздарын 4,5 жыл бойы қинаған. Қорқынышты оқиға басталған кезде олар небәрі 6 және 8 жаста болған.

Жәбірленушілердің айтуынша, зорлық-зомбылық 2015 жылы басталған. Сол жылы аналары бала босануға кеткенде ер адам балалардың қорғансыздығын және ересектердің жоқтығын пайдаланып, қыздарға жүйелі түрде сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.. Олар ұзақ уақыт бұл әрекеттің мәнісін түсінбегендерін, тек жасөспірім шаққа жеткенде, мектепте жыныстық тәрбие тақырыбындағы жиындардан кейін ғана  ұғынғандарын айтады.

«Анам 2015 жылы сіңлімді босанған кезде перзентханада жатты. Сол кезде бәрі басталды. Бізде екі ғана бөлме болды, анам кішкентай нәрестемен артқы бөлмеде жатса, ол бізді ас үйге алып кететін. Аузымызды жауып, тұншықтыратын. Шынымды айтсам, сол кезде ештеңені түсінбедім. Тек 14 жасқа келгенде ғана өзім үшін қатты қорқатын болдым», – деп бөлісті жәбірленуші қыздардың бірі.

Қыздардың туыстары 45 жастағы күдіктінің әрекеттерін шектен тыс қатыгездік деп сипаттайды. Ол қыздарды зорлап қана қоймай, бір-біріне қорлықты әрекеттер жасауға мәжбүрлеген, ыдыс-аяқпен ұрған, тепкен. Медициналық сараптама зорлық-зомбылық фактісін растаса да, тергеу тарапынан немқұрайлылық байқалды: іс бойынша қысқа мерзімде төрт тергеуші ауысты, белсенді әрекеттер тек көптеген шағымдардан кейін ғана басталды.

«Бұл тіпті жануардың іс-әрекетінен де жаман. 6 және 8 жастағы екі кішкентай қызға, мұндайды істеуге мәжбүрлеу – адамгершілік шеңберінен тыс. Біз зорлау туралы арыз түсіргенде, оны бірден қабылдамады, алдымен қарапайым ұрып-соғу ретінде рәсімдеуді ұсынды. Сараптама 18-інде зорлықты растады, бірақ полиция мереке мен демалыс күндеріне сілтеме жасап, шара қолданбады», – деді жәбірленушілердің туысы.

Полицияның ресми мәліметі бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу Қылмыстық кодекстің кәмелетке толмағандарды зорлау бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген. Қазіргі уақытта күдікті екі айға қамауға алынды.

Қыздардың анасы күдіктінің өзінен тағы бес бала туғанын, бірақ үйде болып жатқан оқиғадан хабарсыз болғанын мәлімдеді. Енді отбасы ер адамға мүмкіндігінше қатаң жаза тағайындауды талап етуде, өйткені басқа жағдайда ол бостандыққа шығып, қылмысын қайта жалғастыруы мүмкін деп қорқады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий