Түрмеде отырғандар кітап оқып, мерзімін қысқарта алады

Түрмеде отырғандар кітап оқып, мерзімін қысқарта алады
05.09.2025 09:12
0
126
ашық дереккөз

Өзбекстан Сенаты (Парламенттің жоғарғы палатасы) арнайы бекітілген әдебиеттер тізімінен бір кітап оқығаны үшін сотталғандардың жаза мерзімін үш күнге қысқартуды қарастыратын заңды мақұлдады. Бұл туралы республиканың заң шығару органының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа заңға сәйкес, Өзбекстанның Қылмыстық кодексіне тиісті өзгерістер енгізіледі. Енді Республикалық руханият және ағарту орталығы бекіткен әдебиеттер тізіміне енген кітаптарды оқыған жағдайда, сотталған азаматтың дұрыс рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әрекеті ретінде есептеліп, арнайы комиссияның қорытындысы негізінде әрбір оқылған кітап үшін жаза мерзімі үш күнге қысқартылуы мүмкін. Алайда бұл жеңілдік жылына 30 күннен аспауы тиіс.

Бұл өзгеріс жазасын өтеуші 13 500-ден астам адамға қатысты қолданылады. Заң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін сотталғандарға ғана қатысты болады. Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар бұл жеңілдікті пайдалана алмайды.

Заң жобасы енді Өзбекстан Президентінің қол қоюына жіберіледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий