“Түрмеде жүкті болып қалды”: Шымкентте полицей тұтқын әйелді зорлаған

21.05.2025 • 10:02 Admin
“Түрмеде жүкті болып қалды”: Шымкентте полицей тұтқын әйелді зорлаған
950
Фото: freepik.com

Шымкентте полицей тұтқын әйелді зорлағаны белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айыптау нұсқасына сәйкес, былтыр қыркүйекте күдікті жәбірленушінің камерасына кірген. Анасына қоңырау шалуға апарамын деген сылтаумен оны қоймаға апарған. Сол жерде жәбірленушінің қарсыласуына қарамастан әйелді зорлаған.

Жәбірленуші болған жағдайды бірден хабарламаған. 2024 жылдың қазан айында медициналық тексеру кезінде әйелдің ерте жүктілігі анықталған. Бұл жағдай арнайы тексеріс жүргізуге себеп болған.

Осылайша жедел уәкіл 9 жылға сотталды. Ол іс жүргізу шығындарын өтеп, жәбірленушілерге 77 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий