Бостандыққа шыққан сотталушы камералас серігін сөмкесіне салып, түрмеден алып шыққан
Францияның Лион қаласына жақын маңдағы түрмеде ерекше оқиға орын алды: сотталған 20 жастағы азамат қапаста отырған жерінен айламен қашып шықты. Бұл туралы BFMTV басылымы хабарлады.
Ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деп күдіктелген және бірнеше қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан жас жігіт камералас серігінің бостандыққа шығуын пайдаланып, қашып кеткен. Ол босатылып жатқан сотталушының зат салынған сөмкесіне жасырынып, сөздің тура мағынасында түрме аумағынан шығарылған.
Оқиға 11 шілде, жұма күні Корбас тергеу изоляторында болған. Алайда түрме әкімшілігі қашу дерегін тек келесі күні, таңертең ғана анықтаған.
Қазіргі уақытта қашқынды іздеу жұмыстары жалғасуда. Түрме басшылығы ішкі қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...