Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жанайқайын жеткізді

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жанайқайын жеткізді
10.08.2025 10:48
0
136

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын көтерді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ол күн айын күйеуінен зәбір көрген 10 шақты әйел көмек сұрайтынын атап өтті.

«Бұл видеодағы жағдай қаншамаңызға таныс? Күн сайын маған 10 шақты қыз жекеме жазады: «Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…». Әрқайсының дауысы дірілдеп, жүрегі қорқып, жаны қысылады», - деп жазды ол.

Оның айтуынша әйелдер зорлық-зомбылыққа көнуге мәжбүр болатын жағдайлар аз емес.

«Себебі әр әйелдің ішінде мың түрлі себеп бар:

Балаларым бар…Қайда барам, ақшам жоқ…Мүмкін өзгерер…Ата-анам не дейді?...Ұялам...Өзімді кінәлаймын.

Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: Сіздің өміріңіз – тек сіздің қолыңызда», - деп түйіндеді Мөлдір Мұқанова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий