“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты

“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты
20.09.2025 10:08
0
284
Stan.kz

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова өзінің отбасылық өмірі, шығармашылық жолы және кинодағы алғашқы қадамы туралы ашық әңгімеледі.

Stan.kz тілшісіне ашық сұхбат берген ол соңғы уақытта жеке дамуына көбірек мән беріп, хит әндері арқылы тыңдарманын көбейтуде. Ол қараша айында жарық көретін «Шай в большом городе» фильмінде көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берілетінін айтты. Мөлдір Мұқанова бұған дейін уақытын көбіне күйеуінің шығармашылығына арнағанын, ал бүгінде жеке карьерасына басымдық беріп жатқанын атап өтті. Соңғы шыққан әндері аз уақыт ішінде миллиондаған қаралым жинап, тыңдарманның ерекше ықыласына бөленді.

Әнші өнерге кеш келуінің себебін де жасырмай жеткізді. Оның айтуынша, бір кезеңде өзіне деген сенімсіздік басым болып, тіпті Тұрсынбектің «дауысың жоқ» деген сөзі де шығармашылық жолын тежеген. Мөлдір бұл пікірлерді жүрекке жақын қабылдағанымен, уақыт өте оны тәжірибе ретінде көріп, өнерге деген құштарлығын қайта жандандырғанын мойындайды. Сонымен қатар қоғамда тараған «Қабатов тоқал алған» деген қауесетке қатысты ол жеке өмірін талқылаудан аулақ екенін айтты. Жақындарына әрқашан «Тұрсынбек туралы өсек естісеңдер, жек көріп кетпеңдер» деп ескертіп отыратынын жеткізген әнші күйеуінің әзілдері мен шығармашылығын бағалауға шақырды.

Алдағы қарашада көрерменге жол тартатын «Шай в большом городе» фильмі – Мөлдір Мұқанованың кинодағы алғашқы қадамы болмақ. Бұл туынды арқылы ол шығармашылық қабілетінің ауқымын кеңінен танытуды көздеп отыр. Әнші ұзақ уақыт бойы ішкі кедергілермен күресіп, енді ғана жеке шығармашылығын толық форматта дамыта бастағанын мәлімдеді.

Оның әндері тыңдармандар жүрегінен орын алып үлгерсе, кино әлеміндегі дебюті көпшілікке жаңа қырын ашпақ. Жеке өмірді көпшілік талқылауына бермей, негізгі жауабын шығармашылығы арқылы жеткізуді жөн көрген Мөлдір, алдағы уақытта да өнерде тың серпілістер ұсынбақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий