"Тым ашық-шашық" - қалыңдық той көйлегі үшін суицид жасады

12.12.2025 10:10 Мөлдір Талғат
0
128
Фото: ашық дереккөз

Әзірбайжанда 19 жастағы Ляман Мамедли туыстар арасындағы жанжалдан кейін өзіне қол салғды, деп жазады POLITICO.KZ.

Қайғылы жағдайға қалыңдық көйлектіне байланысты туындаған дау себеп болған. Марқұмның әкесі Мурад Байрамовтың айтуынша, Ляман таңдаған той көйлегі жігіт жағына ұнамай, оны “шамадан тыс ашық” деп сынаған.

Әкесі желіде тараған “қыз тұрмысқа шыққысы келмеді” деген ақпаратты жоққа шығарып, мәселенің тек көйлектен басталғанын атап өтті.

Салтанат өткеннен кейін Эльнур есімді жігіт пен оның ата-анасы қалыңдықтың үйіне келіп, дауды жалғастырған. Туыстар көйлектің қалыпты әрі дәстүрге сай екенін түсіндірмек болғанымен, жігіт жақ райынан қайтпаған. Әкенің айтуынша, кикілжің келесі күні де өршіп, екі отбасының жараспайтыны анық байқалған.

“Қызым күйзеліс пен моральдық қысымды көтере алмай, өзіне қол жұмсады”, – деді марқұмның әкесі.

Байрамовтың сөзінше, жерлеу рәсіміне келген Эльнур мен оның ата-анасын ол үйден шығарып жіберген. Оқиғаға байланысты қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий