ТЖМ-ның жоғары лауазымды үш қызметкері сотталды
455
ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы және Жетісу мен Шымкент облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшылары сотталды.
Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н. Дербисов пен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Ізбасаров 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 млн теңге сомасында пара алған.
Сондай-ақ, Б. Ізбасаров 1,7 млн теңге сомасында өзіне қосымша ақшаны заңсыз есептеп билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.
Сондай-ақ аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды, - делінген Антикор таратқан ресми ақпаратта.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
12:23
Тоқаев судьяларды тағайындап, бірқатар сот басш...
06.10.2026
11:31
Лифтте қызға тиіскен алматылыққа сот үкімі шықты
06.10.2026
11:14
16 миллион қазақстандықтың дерегінің таралуы: м...
06.10.2026
10:54
Кореядағы жаппай төбелеске қазақстандықтардың қ...
06.10.2026
10:53
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директоры...
06.10.2026
10:46
Францияда Сальвадор Дали жасаған 150 келілік қо...