"Уақыт емші": Бағдат Әшімова жүрекжарды жазба жариялады

03.02.2026 10:47 Мөлдір Талғат
46
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова марқұм жолдасына арнап әлеуметтік желіде сағынышқа толы жазба қалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесінің жары өмірлік серігінің дүниеден өткеніне қырық күн, қырық түн өтсе де, жүректегі қайғының әлі де басылмағанын жеткізді. Ол Алладан марқұмның жатқан жері нұрлы болып, пейіштің төрінен орын бұйыруын тіледі.

Бағдат Әшімова жазбасында жолдасына арнаған өлеңін де жариялады:

Жан бөлек. Жан бөлек!!!
Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн.
Алладан сұрарым – пейіштің төрінен орын бер,
жатқан жерін нұрлы ете гөр.
Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз, жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен.

Желі қолданушылары Бағдат Әшімованың жүрекжарды жазбасына пікір қалдырып, көңіл айтып, сабыр тілеп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий