UFC жұлдызы Конор Макгрегор Ирландия президентті болмақшы

UFC жұлдызы Конор Макгрегор Ирландия президентті болмақшы
05.09.2025 10:04
0
81
Сурет: instagram.com/thenotoriousmma

Белгілі файтер Конор Макгрегор Ирландияның президенті болуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол өз үндеуін X және Instagram желілерінде жариялап, жақтастарын оның кандидатурасын қолдауға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 


«Нақты өзгерістер уақыты келді! Егер менің атымды бюллетеньде көргіңіз келсе, аудандық кеңесшілерге хабарласып, менің үміткерлігімді ұсынуды сұраңыз», – деді спортшы.

Макгрегор қазіргі билікті елді дағдарысқа әкелді деп сынға алып, сайланған жағдайда «бірде-бір ирландиялық назардан тыс қалмайды» деп уәде етті.
Оның негізгі басымдықтары мыналар:
шекараны күшейту және ЕО көші-қон пактісінен шығу;
«импортталған қылмыскерлерді» депортациялау;
1922 жылғы Конституциядағы тікелей демократия қағидаларын қайтару;
азаматтығы жоқтарға берілетін жәрдемақыны қысқартып, қаржыны денсаулық сақтау, білім және тұрғын үй салаларына бөлу;
шағын бизнесті қолдау және тарифтік саясатты қайта қарау.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий