Қазақстан Үкіметінің мүшелері: министрлер қай өңірден және оларды не біріктіреді?

Қазақстан Үкіметінің мүшелері: министрлер қай өңірден және оларды не біріктіреді?
02.09.2025 16:00
0
308
Сурет: NewTimes.kz

NewTimes.kz басылымы Қазақстан Үкіметінің құрамына қатысты қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Қазақстан Үкіметінің құрамында қазіргі таңда 26 адам бар. Олардың ішінде тек үш әйел министр қызмет атқарып отыр: Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Үкімет мүшелерінің жас ерекшеліктеріне де назар аударуға болады. Ең үлкені 1961 жылы туған Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Ал ең жас министрлер қатарында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев (екеуі де 1983 жылы туған), сондай-ақ Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов (1984 жылы туған) бар.

Бірқатар министрлердің туған жылдары да сәйкес келеді. Мәселен, Серік Жұманғарин, Қанат Бозымбаев, Ғани Бейсембаев және Дәурен Қосанов – барлығы 1969 жылы дүниеге келген.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, әрбір үшінші министр Алматы қаласы немесе Алматы облысынан шыққан. Сондай-ақ Қарағанды мен Қызылорда облыстары да айқын көрініп отыр. Солтүстік пен Шығыс Қазақстан өңірлерінен бірнеше министр бар, ал Батыс Қазақстаннан тек бір ғана өкіл – Ұлттық экономика министрі әрі Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин. Ал Батыс Қазақстандағы - Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Қостанай облыстарынан шыққан министрлер мүлде жоқ.

Жалпы алғанда, қазіргі Үкімет құрамының шамамен 40 пайызы – елдің оңтүстік өңірлерінің тумалары.

Алматы қаласы және Алматы облысы (11 адам):

  • Премьер-министр Олжас Бектенов
  • Вице-премьерлер Қанат Бозымбаев
  • Вице-премьер, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу
  • Вице-премьер Ермек Көшербаев
  • Қаржы министрі Мәди Такиев
  • Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев
  • Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев
  • Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов
  • Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева
  • Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов

Қарағанды облысы (3 адам):

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова
  • Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев

Қызылорда облысы (3 адам):

  • Вице-премьер Ғалымжан Қойшыбаев
  • Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова
  • Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

Жамбыл облысы (2 адам):

  • Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов
  • Көлік министрі Нұрлан Саурынбаев

Павлодар облысы (2 адам):

  • Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр
  • Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов

Солтүстік Қазақстан облысы (1 адам):

  • Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров

Шығыс Қазақстан облысы (1 адам):

  • Ішкі істер министрі Ержан Сәденов

Ақтөбе облысы (1 адам):

  • Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин

Семей (2 адам):

  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек
  • Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий