Үкімет жұмысы нәтиже берді: инфляция 10,2%-дан 9,8%-ға төмендеді

01.09.2026 15:49 Әсел МҰРАТ
Үкімет жұмысы нәтиже берді: инфляция 10,2%-дан 9,8%-ға төмендеді
26
Фото: Politico.kz/Максим Золотухин

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылы тамызда жылдық инфляция 9,8%-ды құрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін  президент Бектенов бастаған үкіметке инфляцияны 10%-дан төмен деңгейге дейін түсіруін, ал кейінгі үш жыл ішінде оны кезең-кезеңімен төмендетуді тапсырған болатын.

Дүйсенбі күні қайта тағайындалған үкімет басшысы өз сөзінде инфляциямен күрес оның жұмысының негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пікірінше, шын мәнінде, бірнеше жыл бойы жоғары инфляциялық қысым жағдайында баға өсімінің аз да болса баяулауы – жақсы белгі. 

«Алайда халықаралық ахуалдың тұрақсыздығын – шикізат нарықтарындағы жалғасып жатқан құбылмалы ахуалды, санкциялық текетіресті және мемлекеттік шығыстардың өсуі мен қарулану жарысына алып келетін соғыстарды ескерсек, бұл үрдісті сақтап қалу мүмкін бола ма деген сұрақ туындайды. Үкімет алдында «инфляцияны бақылау – экономикалық өсім – экономиканы сауықтыру» үштағанының қай нүктесінде тепе-теңдікті сақтау керек деген мәселе үнемі тұратын болады», -деп атап өтті Әбішев.

Саясаттанушының айтуынша, бұл ретте әкімдіктерге де үлкен рөл жүктеледі – олар инфляцияның ашық әрі жасырын факторларын қаншалықты сапалы зерделеп, пысықтайды, мәселе де осында. 

«Әңгіме бағаны нарықтық емес тәсілдермен бақылауда ұстау туралы емес, нарықты ретке келтіріп, тауарлар мен қызметтердің тұтынушыға жету жолында негізсіз үстеме бағалардың қосылуына жол бермеу туралы болып отыр», - деп сөзін түйіндеді саясаттанушы.

Войдите, чтобы оставить комментарий